Тағайындау • 30 Маусым, 2022

Абай облысы Көкпекті ауданына жаңа әкім тағайындалды

708 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысы Көкпекті ауданының әкімі болып Ділдәбек Оразбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысы Көкпекті ауданына жаңа әкім тағайындалды

Ділдәбек Тәжібайұлы 1961 жылы 8 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Қасқасу ауылында дүниеге келген.

1988 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын ғалым агроном және 2009 жылы Алматы экономикалық университетін қаржыгер мамандықтары бойынша бітірген. 

Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгер ауданының Абай атындағы ұжымшарында механизатор болып бастады.

Әр жылдары аталған ұжымшарда бас экономист, бригадир, бас агроном, төраға, Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы бойынша салық бөлімінде аға салық инспекторы, «Ағжан-Мағжан» ЖШС директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

2013-2019 жылдары аралығында Тарбағатай ауданының әкімі, 2019-2020 жылдары Аягөз ауданының әкімі қызметін атқарды.

Көкпекті ауданының әкімі болып тағайындалғанға дейін ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы болып еңбек етті.