Аймақтар • 30 Маусым, 2022

Мүгедек балаларға бөлінген қаржыны жымқырған шенеунік ұсталды

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысына бағытталған қаржыны ұрлады деген күдікпен ұйым басшысы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Мүгедек балаларға бөлінген қаржыны жымқырған шенеунік ұсталды

«Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті «Қамқор» жедел-алдын алу іс-шаралары нәтижесінде ЖШС директорына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол 2019 жылы мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысының орындалған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 3 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді», делінген ҚР ҚМА хабарламасында.

Қазір аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.