Аймақтар • 30 Маусым, 2022

ШҚО-да заңсыз аң аулаудың 11 дерегі анықталды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында браконьерлік фактілерінің жолын кесу бойынша рейдтік шаралар өтуде. Жыл басынан бері жабайы аңдарды заңсыз аулау бойынша 11 факті анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да заңсыз аң аулаудың 11 дерегі анықталды

Аққожа ауылының 38 жастағы тұрғыны заңсыз арқар мен күзен аулаған. Оқиға Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округінің аумағында болған.

Заң бұзушы аңдарды 28 калибрлі тіркелмеген тегіс ұңғылы қарудан атқан. Қоршаған ортаға 13 миллион теңгеден астам шығын келген.

Іс жүзінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337 бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

«Санкция 6 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуды немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не мүлкiн тәркiлеумен 3 жылдан 6 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруды көздейді. 7 жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығы жоқ», деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының ПД.