Қоғам • 01 Шілде, 2022

Жаңа Қазақстанда жаңа ұлттың болмысын қалыптастыру керек – Аида Балаева

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның кезекті отырысында Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа Қазақстанда жаңа ұлттың болмысын қалыптастыру керек – Аида Балаева

«Гендерлік саясат – ең алдымен аза­маттарға тең мүмкіндіктер туғызу деген сөз. Бұл – демократиялық қоғам құрудың басты қағидаларының бірі. Ол үшін, әсіресе, азаматтық қоғам институттарын көбірек тартуымыз керек. Жекелеген белсенді азаматтардың да ұсыныс-пікірлері ескерусіз қалмайды. Ол үшін қоғаммен барынша ашық және жан-жақты байланыс орнатуға шақырамын. Мұның барлығы – Мемлекет басшысы ұсынған реформалар топтамасында айтылған тапсырмалар. Сондықтан жоспарда көрсетілген бағыттардың барлығын жіті назарға алып, алдағы жұмыста алдын алу шараларына үлкен мән беруіміз керек. Президент Жаңа Қазақстанда жаңа ұлттың болмысын қалыптастыру жөнінде міндет қойды. Түптеп келгенде қоғамдық сананы өзгерту әрқайсымыздың үлесіміз бен белсенділігімізге тікелей байланысты», деді Ұлттық комиссия төрағасы.