Қазақстан • 02 Шілде, 2022

Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды

2381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін – қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың туған күні, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды

Мұхтар Шаханов 1942 жылдың 2 шілдесінде қазіргі Түркістан облысы Төле би ауданы Қасқасу ауылында дүниеге келеді.

Тәуелсіздік жылдары қазақ тілінің жанашыры, діл майданының сардары ретінде репутация қалыптастырған ақын Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның Қырғыз Репсубликасындағы Елшісі сияқты жауапты қызметтерді атқарды.

Оның қазақ әдебиетіндегі орны ерекше бөлек. Ақын ұзақ жылдар бойы «Жалын» журналын басқарған.

Ол «Отырардың күйреуі», «Эверестке шығу», «Ғашықтық ғаламаты», «Еркектер жыры», «Сұлулықты сезіну немесе Ғабиден Мұстафинмен қарттық жайлы әңгіме», «12-3=?», «Арман», «Шың басындағы оқиға, «Достық өлкесінің заңы», «Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап», «ТЖ-лар», «Төрт ана», «Космополит қазақтар» өлең-дастандарының авторы.

Айта кетсек, биыл Мұхтар Шахановтың әдебиетке, ұлт руханиятына, түркі ынтымағына сіңірген еңбегі ескеріліп, Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Қазақстанның Еңбек Ері атағы берілді.