Қоғам • 02 Шілде, 2022

Павлодарда төртінші қабаттан үш жасар қыз құлап кеткен

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға 1 шілдеде орын алған. Жедел жәрдем қызметіне қоңырау 18:23-те түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда төртінші қабаттан үш жасар қыз құлап кеткен

Бригада 4 минуттан кейін оқиға орнында болды. 2019 жылы туған қыз төртінші қабаттан құлап кеткен.

Бала көптеген жарақаттармен жақын маңдағы ауруханаға – Сұлтанов атындағы облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.

«2019 жылы туған бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Диагноз - мидың контузиясы, іштің жарақаттары. Бала есін жиды. Бүгінде оның жағдайы орташа дәрежеде, тұрақты», деді Павлодар облысы ДСБ баспасөз қызметі.