БҰҰ Гуманитарлық мекемелер жүйесі серіктес ұйымдармен және украиналық еріктілермен бірігіп тұрғындарға көмек көрсету үшін жұмыс істеуде.
«Соңғы төрт айда Украина бүкіл әлемнің назарында болды. Бұл әрине жақсы жағынан емес. Ресейдің Украинаға қарсы соғысы басталғалы бұл елдегі әр әйелдің, әр еркектің және әр баланың өмірі құртылды: олардың жақындары өлтірілді, жарақат алды, отбасынан айырылды, мыңдаған үйге бомба тасталды. Бұл азапты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес», деді Оснат Лубрани өзінің мәлімдемесінде.
Ол бүгінде 16 млн украиналықтың суға, тамаққа, медициналық көмекке және баспанаға мұқтаж екенін айтты.
«Бұл тек ықтимал болжам. Қазір БҰҰ серіктестерімізбен бірге қайта қарап жатыр. Алты миллионнан астам адам ішкі көшіп-қонып жүргендер қатарында. Бес миллионға жуық адам туған жеріне қайта оралды, бірақ олар қайта кетуге мәжбүр болатындарын түсініп отыр. 5,3 млн украиналық басқа елдерге босқын болып кетті», деп қосты БҰҰ үйлестірушісі.