Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алтын Орда» аумағында орналасқан «Жеті Құрдас» базарындағы үш ғимараттың – самса дайындайтын дүңгіршек, ломбард және екі қабатты дәмхананың шатыры отқа оранды.
«Тілсіз жау сағат 14:14-те толығымен сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша жалын 200 шаршы метр жерді шарпыған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Оқиға орнына Алматы облысының 27 өрт сөндірушісі және 7 техникасы жұмылдырылды.