Елордада 17-24 шілде аралығында Ұлттық теннис орталығының жазғы хард корттарында ATP Challenger Tour және ITF Women’s World Tennis Tour сериясына енетін халықаралық «Президент кубогы» турнирі өтеді.

Биылғы «Президент кубогында» ел намысын еліміздің ұлттық және жастар құрамасының мүшелері, атап айтқанда, Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Тимофей Скатов, Бейбіт Жұқаев, Денис Евсеев, Григорий Ломакин, Максим Батютенко, Гозаль Айнитдинова, Жібек Құламбаева, Аружан Сағындықова, Сандуғаш Кенжебаева сынды әлемдік деңгейдегі корттарда өнер көрсетіп жүрген теннисшілер қорғайды.
Сондай-ақ елордаға алыс-жақын шетелдегі ең мықты деген теннисшілер де келеді деп күтілуде. Мәселен, қыздар арасындағы бәсеке көрігін Грузияның бірінші ракеткасы – Екатерина Горгодзе (WTA рейтингте 144-орында), 2020 жылғы жұптық сындағы Олимпия ойындарының қола жүлдегері, бразилиялық Лаура Пигосси (124), теннис мамандары тарапынан Чехия теннисінің болашақ жұлдызына баланған Линда Фрухвиртова (176), былтырғы «Президент кубогының» чемпионы, грузиялық Мариам Болквадзе (185) қыздырмақ.
Ерлер бәсекесінде бақ сынайтын теннисшілер де қара жаяу емес. Еліміздегі беделді жарысқа жыл сайын әлемнің ең үздік теннисшілері қатысатыны жанкүйерлерге аян. Атап айтқанда, «Президент кубогында» әр жылдары Даниил Медведев (әлемнің қазіргі бірінші ракеткасы), Андрей Рублев (ATP рейтингінде 8-орында), Карен Хачанов (22), Миомир Кецманович (30), Себастьян Корда (46), Макс Перселл және басқа да танымал ойыншылар өнер көрсетті.
Сонау еліміз тәуелсіздік алған жылдан бері, яғни 1991 жылы тұсауы кесілген «Президент кубогы» жарысы жыл сайын елордада жаз мезгілінде ұйымдастырылады. 2007 жылы «Президент кубогы» бәсекесі әйелдер арасындағы ITF және ерлердің ATP турнирінің бағдарламасына еніп, сол жылдан бері халықаралық дәрежедегі турнир ретінде ұйымдастырылып келеді.
Сол уақыттан бері бұл жарыста қазақстандықтардан Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев, украиналық Илья Марченко, аустриялық Себастьян Оффнер, Германия құрамасының қазіргі капитаны Райнер Шаттлер, Аустралия ашық чемпионатының және «Ролан Гаррос» чемпионы хорват Иван Додиг, жұптық сында «Үлкен дулыға» санатындағы турнирдің екі дүркін жеңімпазы қытайлық Чжан Шуай секілді теннисшілер топ жарған.
Алма импортын шектей аламыз ба?
Экономика • Кеше
Мектепке дайындық отбасыларға оңайға соқпай тұр
Білім • Кеше
Елорда • Кеше
Қытай бастамасынан бас тартады
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Өңірлерге «идеологтер» қажет емес пе?
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Тас жолдағы трагедия азаймай тұр
Қоғам • Кеше
Мырзашөл-Шардара өңіріндегі ашаршылық
Тарих • Кеше
Өнер • Кеше
Бұрынғы қолжазба – бүгінгі қазына
Тарих • Кеше
Әдебиет • Кеше
Арқаның арқары да ауып кеткен...
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Су тапшылығы қолдан жасалған жоқ па?
Аймақтар • Кеше
Балауыздан құйылған Абылай хан бейнесі
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Өңірде өнім көлемі артып келеді
Аймақтар • Кеше
Абай • Кеше
Таным • Кеше
Өнер • Кеше
Абай облысында сақ дәуірінің ескерткіші табылды
Аймақтар • Кеше
Президент Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты
Президент • Кеше
Ереванда сауда орталығында жарылыс болды
Әлем • Кеше
Қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев дүниеден өтті
Оқиға • Кеше
Биыл 1 млн 119 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Кеше
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті
Оқиға • Кеше
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды
Елорда • Кеше
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ұқсас жаңалықтар