Оқиға • 04 Шілде, 2022

Семейде көпқабатты үйден өрт шықты

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейде көпқабатты үй өртеніп, 15 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Semeynews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Семейде көпқабатты үйден өрт шықты

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт түстен кейін Гете көшесіндегі тоғыз қабатты үйде болған. Үшінші қабаттағы пәтердің балконының ағаш бөліктері, терезе блогы, жиһаздары мен жеке заттары өртенді.

«Құтқарушылар көпқабатты үйдің 15 тұрғынын эвакуациялады, олардың алтауы – балалар. Өрттің жалпы аумағы алты шаршы метрді құрады. Өрттің алдын ала себебі – отты абайсыз қолдану», деді өңірлік ТЖД өкілдері.