Теннис • 05 Шілде, 2022

Испанияда олжалы болды

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Испанияның Малага қаласын­да ұйымдастырылған челленджер тур­нирінің жұптық бәсекесінде бас жүлде жеңіп алды.

Испанияда олжалы болды

Аталған турнирде түркиялық Алтуг Че­ликбилекпен бірге жұп құрап өнер көрсеткен отандасымыз жүлде қоры 45 мың АҚШ долларынан асатын доданың финалында Израиль өкілі Даниэль Чукерман мен эквадорлық Эмилио Гомеспен бас жүлдені сарапқа салды. Үш сетке созылған матчта қазақстандық-түркиялық жұп 6:7 (4:7), 6:4, 10:6 есебімен жеңіске жетті. Бұл – Дмитрий Попконың жұптық сында челленджер жарысындағы алғашқы титулы.

Әлемдік рейтингте 195-орында тұрған Дмитрий Попко мен 179-орындағы Алтуг Челикбилек Испаниядағы бәсекенің алғашқы айналымында Риз Штальдер (АҚШ) мен Рубен Гонсалесті (Филиппин) 6:4, 7:5, 10:7 есебімен тізе бүктірсе, кейінгі айналымда Стивен Диас (Канада) пен Хироки Морияны еш қиналмай ұтты – 6:0, 6:2. Ал жартылай финалда Влад Корня (Румыния) мен Арджун Кахдеден (Үндістан) үш сетте 6:7, 6:3, 10:8 есебімен басым түсті.