Спорт • 05 Шілде, 2022

Көшбасшы өзгерген жоқ

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Тур де Франс» көпкүндігінің үшінші кезеңі Данияның Вайле қаласынан бастау алып, солтүстіктегі Сённерборг қаласында мәресіне жетті. Тегіс жолда өткен жарыста нидерландтық Дилан Гроневеген топ жарды.

Көшбасшы өзгерген жоқ

Team BikeExchange – Jayco командасының велошабандозы 182 шақырым қашықтықты 4 сағат 11 минут 33 секундта бағындырды. Екін­ші және үшінші орындарды бельгиялық Ваут ван Арт (Jumbo – Visma) пен Йеспер Филипсен (Alpecin-Deceuninck) иеленді. Бұл кезеңде «астаналық» велошабандоздардан Симоне Веласко мен Алексей Луценко мәре сызығын 29 және 30-шы болып кесті.

Жалпы есепте бельгиялық Ваут ван Арт алда келеді. Оның көрсеткіші – 9 сағат 01 ми­нут 17 секунд. Екінші орынға тағы бір бель­­­гиялық спортшы Ив Лампаерт (Quick Step Alpha Vinyl Team) жайғасса, үздік үштікті словениялық Тадей Погачар (UAE Team Emirates) түйіндеп тұр. Олар көшбас­шыдан 7 және 14 секундқа қалып тұр. Ал қазақ­стандық команданың ең үздік велошабан­дозы Алексей Луценко 23-орынға жайғасқан.