Аймақтар • 05 Шілде, 2022

Алакөлде демалыс орны өртеніп, 7 адам зардап шекті

529 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысы Үржар ауданында Алакөл жағасындағы демалыс базасында өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алакөлде демалыс орны өртеніп, 7 адам зардап шекті

«Алакөл жағасындағы демалыс базасында алдын ала есептелгендей 3 мың шаршы метр аумақ өртеніп, 4 демалыс орны бүлінді. Бір-біріне жалғап салынған ағаш үйлерге өрт жылдам тарап кеткен. Оның үстіне қатты жел де өртті сөндіруге кедергі келтірген. 5 сағат 40 минутқа созылған алапат өртті сөндіруге ТЖД және полиция, жергілікті органдардан келген 186 адам мен 29 техника жұмылдырылды. Өрттен 7 адам зардап шеккен, оларға тиісті медициналық көмек көрсетілді. Алайда олар ауруханаға жатудан бас тартқан», делінген Абай облысының ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнында оперативтік штаб жұмыс істеп жатыр.