28 Сәуір, 2014

Петропавлда мас полицей кісі қағып өлтірді

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28-04-14-pianyi_politsei-1

ПЕТРОПАВЛ. 28 сәуір. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері, полиция капитаны Айдос Қантаев түн ортасында көрші ауылдағы туыстарынан үйіне қайтып келе жатқан жас жігітті қағып өлтірді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Марқұмның әйелі мен екі баласын алып келіп, аудан орталығына орналасып жатқанына көп болмапты. Қайғылы оқиға Мамлютка қаласына  кіре берісте орын алған. Соққының қаттыболғаны соншалық, Руслан Рахметов тіл тартпай кеткен. Тәртіп сақшысының ұялы телефоны істен шыққан. Қылмыстық іздестіру бөлімінің орынтағына енді  жайғасқан капитан  қамауға алынды. Ішімдік ішіп алып, адам өлтіргені дәлелденсе, 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Өмір Есқали. Дереккөз: Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Фото: www.gazeta.ru.