Үкімет • 05 Шілде, 2022

Министр тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны төмен өңірлерді атады

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев тұрғын үй беру қарқынын баяулатқан өңірлерді атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны төмен өңірлерді атады

«Жылдың 5 айындағы қорытынды бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 103,4% және тұрғын үй құрылысына инвестиция 122,8% орындалды. 38 мың тұрғын үй пайдалануға енгізілді», деген ведомство басшысы жалпы республикалық көрсеткішке қол жеткізу үшін өңірлерге тиісті жоспар жолданғанын айтты.

«Ол жоспардың орындалуын қамтамасыз ету үшін әкімдіктер нақты нысандар мен оларды іске асыру мерзімі көрсетілген жол картасын бекітті. Сонымен бірге 5 айдың қорытындысы бойынша еліміздің 3 өңірінде өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткішінің төмендегені байқалады. Бұл – Маңғыстау (84,4%), Павлодар (90,7%) және Солтүстік Қазақстан (94%) облыстары. Аталған облыстарда әкімдіктерге тұрғын үй нысандарындағы құрылыс жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтемін», деді Қайырбек Өскенбаев.