Экономика • 05 Шілде, 2022

«7-20-25» бағдарламасы жалғасуы мүмкін - Ералы Тоғжанов

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғажнов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалдарына берген жауабында «7-20-25» бағдарламасы жалғасуы мүмкін екені туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«7-20-25» бағдарламасы жалғасуы мүмкін - Ералы Тоғжанов

«7-20-25» бағдарламасын жалғасуы мүмкін деп ойлаймын. Ал бюджеттің мүмкіндігін айту үшін есептеу керек. Бұл оңай мәселе емес», деді вице-премьер.

Сондай-ақ ол «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шалапаевтың коммерциялық ипотеканың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау туралы ұсынысына пікір білдірді.

«Бұл мәселе бойынша ешкім шешім қабылдап жатқан жоқ қой. Кез келген адам нақты ұсыныс енгізуге хақылы. Ондай ұсыныстардың болуға хақысы бар. Түптеп келгенде қалыпты ұсыныс», деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар

Бұрын-соңды болмаған өсімдік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ғарыштағы ЖИ деректер орталығы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Жаз маусымының бір сынағы

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Адам ДНҚ-сын құрастырады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:05

Құлжан әулетінен қалған мұра

Жәдігер • Бүгін, 08:00

Күй

Сатира • Бүгін, 07:58