Спорт • 05 Шілде, 2022

Баскетболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының екінші айналымына шықты

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық баскетболшылар D тобында сынға түсті. Ұлттық құрама Сирия мен Иранды екі-екіден жеңсе. Бахрейнді бір мәрте сүріндіріп, жолдамаға ертерек қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Баскетболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының екінші айналымына шықты

Алтыншы кездесуде Бахрейнге есе жібергенмен, ол турнир кестесіндегі көрсеткішке кері әсерін тигізген жоқ. Енді қазақстандық баскетболшылар Бахрейн, Иран құрамаларымен бірге Австралия, Қытай және Жапониямен жолдаманы сарапқа салады.

Алғашқы үш орындағы құрамалар әлем чемпионатына қатысады. Қазақстандық баскетболшылар бұған дейін бірде-бір мәрте аталған додада бақ сынаған емес. Іріктеу ойындары биылғы тамыз, қараша және 2023 жылдың ақпан айында өткізіледі.

Дүбірлі дода 2023 жылдың 25 тамыз және 10 қыркүйек аралығында Жапония, Филиппин және Индонезия мемлекеттерінде өткізіледі.