«Антикоррупциялық қызметі Қ.Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды объектіні апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысына қатысты компания директорынан 5 миллион теңге сомасында пара алу фактісі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады», делінген хабарламада.
Тергеу жалғасуда. Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.