Спорт • 06 Шілде, 2022

Іріктеудің екінші кезеңіне өтті

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баскетболдан Қазақстан ерлер құра­масы 2023 жылы өтетін Әлем кубо­гының бірінші іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, екінші айналымға жолдама алды.

Іріктеудің екінші кезеңіне өтті

D тобында Сирия, Бахрейн және Иран құра­маларымен сынға түскен Олег Киселев шәкірттері алты матчтың бесеуінде жеңіске жетіп, тек соң­ғы турда Бахрейнге есе жіберді. Елордадағы «Са­ры­арқа» велотрегінде өткен ойында қонақтар 62:51 есебімен басым түсті. Қазақстан құрамасы соңғы турда жеңілгеніне қарамастан өз тобында 1-орын алып, іріктеудің 2-айналымына жолдама алды. Әлем кубогының екінші іріктеу кезеңінде қазақстандық бас­кетболшылар Бахрейн, Иран, Аустралия, Қытай және Жапония құрамасымен жолдаманы сарапқа салады. Алғашқы үш орын­дағы құрамалар Әлем кубогына қатысады. Іріктеу ойындары тамыз, қараша және 2023 жыл­дың ақпанында өтеді деп жоспарланған.

Айта кетейік, баскетболдан 2023 жыл­ғы Әлем кубогы 25 тамыз бен 10 қыр­күйек аралы­ғында бір­ден 3 мемлекетте – Ин­доне­зия, Жапония жә­не Филиппинде ұйым­дасты­рылады. Қазақстан құра­масы 2019 жылғы Әлем кубогының екінші іріктеу кезеңі­не өтке­ні­мен, финалдық сайысқа жолдама ала алмаған еді.