Ұлыбританияның астанасы – Лондонда өтіп жатқан «Үлкен дулыға» санатындағы ең маңызды төрт жарыстың бірі – «Уимблдон» турнирінде бақ сынап жатқан Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет аталған бәсекенің ширек финалына шығып, өз жанкүйерлерін қуантты.

Ұлыбритания ашық чемпионатының 17-ракеткасы болып тіркелген Елена Рыбакина төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 80-орында тұрған хорватиялық Петра Мартичпен шеберлік байқасты. Бір жарым сағатқа жалғасқан бәсекеде отандасымыз екі сетте – 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Елена Рыбакина өз карьерасында тұңғыш рет «Уимблдон» жарысының ширек финалына жолдама алды. Ол былтырғы бәсекеде төртінші кезеңде жеңілген еді. Енді, міне, араға жыл салып өз нәтижесін жаңартып қана қоймай, тарихи жетістікке қол жеткізді. Жерлесіміз жартылай финалға шығу үшін әлемнің 44-ракеткасы аустралиялық Айла Томляновичпен кездеседі. Томлянович төртінші айналымда франциялық Ализе Корнеден (37) басым түскен болатын. Ал А.Корне екінші кезеңде біздің Ю.Путинцеваны, ал үшінші кезеңде әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Ига Швентекті жарыс жолынан шығарып жіберген еді.
Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» санатына енетін жарыстарда бірінші рет ширек финалға шығып тұрған жоқ. Ол бұған дейін былтырғы «Ролан Гаррос» турнирінің де ширек финалында ойнаған болатын.
Елена Рыбакина мен Айла Томлянович арасындағы кездесу бүгін өтеді.
Рыбакина Цинциннати турнирінің үшінші айналымына шықты
Теннис • Бүгін, 10:30
Елімізде 622 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Қоғам • Бүгін, 10:17
БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Данилина Цинциннати турнирінің екінші айналымына шықты
Теннис • Бүгін, 09:28
Вакцина салдырғандар саны артты
Коронавирус • Бүгін, 09:17
1227 қазақстандық індеттен сауықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Өткен тәулікте 1169 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:01
Елордалықтарды жылы әсерге бөледі
Театр • Бүгін, 08:48
Спорт • Бүгін, 08:47
Спорт • Бүгін, 08:46
Спорт • Бүгін, 08:45
Спорт • Бүгін, 08:43
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Қоғам • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:37
Музейге тарту еткен жәдігерлер
Таным • Бүгін, 08:35
Әдебиет • Бүгін, 08:33
Алла үйіне «алуға» баратындар азаяр емес
Қоғам • Бүгін, 08:30
Қоғам • Бүгін, 08:28
Қолдау деп осыны айт: Жас кәсіпкерлер 1,5 млн теңгенің грантына ие болды
Бизнес • Бүгін, 08:25
Қоғам • Бүгін, 08:23
Қоғам • Бүгін, 08:21
Әскери ойындардағы алғашқы жеңістер
Қазақстан • Бүгін, 08:18
Саясат • Бүгін, 08:15
Балалар демалысына 130 миллион теңге бөлген
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өзге тілді сыныптарда қазақ тілі қалай оқытылады?
Білім • Кеше
Аймақтар • Кеше
Щучинск қаласы Абылай хан атана ма?!
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Қанағатпен өмір сүретін шенеунік қайда?..
Қоғам • Кеше
Абай ілімін ашу – рухани кемелденуге апарар жол
Абай • Кеше
Экономика • Кеше
Экономика • Кеше
Көпбалалы аналардың қолдаушысына айналған орталық
Аймақтар • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар