Білім • 07 Шілде, 2022

ҰБТ-ның орнына жазбаша емтихан тапсыруға бола ма?

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев ҰБТ-ның орнына жазбаша емтихан тапсыруға бола ма? деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҰБТ-ның орнына жазбаша емтихан тапсыруға бола ма?

«Біздің орталықтың басты мақсаты – емтиханды адал өткізу. Академиялық адалдық – қазіргі таңда қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі. 2019 жылы тестке кіргендерден 128 мың тыйым салынған зат алынса, биыл 400 есе азайып отыр. Бұл ашықтықтың нәтижесі деп ойлаймын», деді Руслан Емелбаев.

Сондай-ақ ол биылғы тестілеу сұрақтарының сапасына көп көңіл бөлінгенін жеткізді.

«ҰБТ нәтижесі бойынша ең көп сын мен дауға қалатын пән - Қазақстан тарихы еді. Қазіргі сұрақтар жаттаудан гөрі функционалдық сауатқа бейімделіген. Ал жазбаша емтихан жүйесіне көшу мәселесі менің құзыретіме кірмейді. Біздің міндет – қазіргі ҰБТ-ның ашық әрі адал өтуін, ондағы сұрақтардың сапалы болуын қамтамасыз ету», деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры.