Футбол • 07 Шілде, 2022

Футзалдан әлем чемпионатының жеребесі таратылды

519 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңі негізгі сатысының жеребесі таратылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футзалдан әлем чемпионатының жеребесі таратылды

Қазақстандық футзалшылар бесінші топта Словения және Черногория құрамаларымен сынға түседі. Жарыстың аталған сатысында 36 құрама үш-үштен 12 топқа бөлінген.

Бірінші топ: Испания, Молдова, Кипр

Екінші топ: Грузия, Бельгия, Австрия

Үшінші топ: Чехия, Босния және Герцоговина

Төртінші топ: Португалия, Беларусь, Литва

Алтыншы топ: Әзербайжан, Польша, Грекия

Жетінші топ: Хорватия, Венгрия, Израиль

Сегізінші топ: Финляндия, Румыния, Дания

Тоғызыншы топ: Сербия, Франция, Норвегия

Оныншы топ: Италия, Солтүстік Македония, Швеция

Он бірінші топ: Украина, Нидерланды, Косово

Он екінші топ: Словакия, Латвия, Германия

Әрбірі өз және сырт алаңда бір-бір ойыннан өткізеді. Әрбір топтың жеңімпазы мен үздік көрсеткішке қол жеткізген төрт құрама жарыстың элиталық сатысына жолдама алады.

Өз тобында екінші орын алған қалған құрамалар арасында өтпелі ойындар болады. Жарыстың негізгі сатысындағы ойындар 12-21 қыркүйек, 3-12 қазан, 27 ақпан-8 наурызға жоспарланған.

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты элиталық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсті. Олар 2021 жылы төртінші орынға табан тіреді.

 

Соңғы жаңалықтар