Атап айтар болсақ, Будапешт татамиінде ел намысын жуырда ғана Ұлан-Батырда (Моңғолия) өткен жарыста ел қоржынына қола жүлде салған қыздар құрамасының екі өкілі – Абиба Абужақынова (48 кг) мен Камила Берліқаш (+78 кг) қорғайды. Сондай-ақ Гауһар Ермағамбетова (52 кг), Рауза Нұрмахамметова (57 кг), Мөлдір Нарынова (63 кг) және Назгүл Маратова (+78 кг) белдеседі.
Ал ерлер құрамасынан Мағжан Шамшадин, Бауыржан Нарбаев (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев, Дастан Шаяхметов (66 кг), Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов (73 кг), Барак Арқабай, Айбол Нысанәлі (81 кг), Әділет Миссин, Ерасыл Жантаев (90 кг) және Айбек Серікбаев, Серік Сәлменов (100 кг) секілді балуандар татамиге шығады.