Спорт • 08 Шілде, 2022

Сербия чемпионатында жүлде алды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахматтың блиц түрінен ең жас әлем чемпионы қазақстандық Бибісара Асаубаева жүлде қоры 35 мың еуроны құраған Serbian Chess Open-2022 турнирінде үшінші орынға ие болды.

Сербия чемпионатында жүлде алды

Сербияның Нови-Сад қаласында ұйымдас­тырылған «Сербия опен» жарысына әлемнің 29 елінен келген 200-ге жуық шахматшы бір апта бойы сынға түсті. Ашық чемпионатта әлемнің 9 гроссмейстері, 68 халықаралық шебері, 6 әйелдер гроссмейстері және 13 халық­аралық әйелдер шебері өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасындағы сайыста грекиялық Ставроула Цолакиду бас жүлдені олжаласа, үндістандық Сакши Читланге екінші орынға ие болды.

Енді Бибісара Асаубаева шілденің 28-і күні Үндістанның Ченнай қаласында жалауы желбірейтін шахматшылардың 44-ші Олимпиадасына қатысады. Олимпиада 10 тамызға дейін жалғасады.