Қазақстан • 08 Шілде, 2022

Қазақстанның бірнеше өңірінде құрғақшылық болады

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет синоптиктері шілде айында бірнеше өңірде құрғақшылық болатынын болжап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның бірнеше өңірінде құрғақшылық болады

Мамандардың болжамына сәйкес, Ақмола облысының Қорғалжын ауданында, Ақтөбе облысының Әйтеке би және Хромтау аудандарында, Алматы облысының Алакөл ауданында, Қарағанды облысының Нұра және Қарқаралы аудандарында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында, Абай облысының Семей маңында және Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын тапшылығы күтіледі.

Сондай-ақ құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында да болады деп болжануда.

«Еліміздің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайы нормаға жақын, ал Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында тіптен оңтайлы болады», дейді «Қазгидромет» РМК синоптиктері.