Қоғам • 08 Шілде, 2022

Алматы әуежайында тағы да жанармай тапшылығы байқалды

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әуежайы тапшылыққа байланысты кей ұшақтарға жанармай құюды тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы әуежайында тағы да жанармай тапшылығы байқалды

«Жергілікті және импорттық жанар-жағармай тапшылығына, сондай-ақ уақытында жеткізу мәселесіне байланысты жолаушылар мен коммерциялық жүктердің тұрақты рейстерін тоқтатпау үшін Алматы халықаралық әуежайы жағдай жақсарғанға дейін техникалық қонып қалатын рейстерге жанармай құюды тоқтатты», деп хабарлады Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Алматы халықаралық әуежайы былтыр да үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында тұрақты жолаушылар рейсіне жанармай құю көлемін шектеу және бірреттік чартерлік рейстерге жанармай құюды тоқтату жөнінде шешім қабылдаған еді.

Аяна Тоғанбек