Қоғам • 08 Шілде, 2022

ҰҚК есірткі трафигінің бірнеше арнасын жойды

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі және психотроптық заттардың таралуына қарсы іс-қимыл шеңберінде халықаралық және республикалық деңгейдегі есрткі жолдарын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҰҚК есірткі трафигінің бірнеше арнасын жойды

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, осы жылдың маусым айында ҰҚК 21 есірткіге қарсы операция, оның ішінде Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанның арнайы қызметтері мен құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізді.

«Есірткі трафигінің 6 халықаралық және 12 өңірлік арнасы жойылды. Синтетикалық есірткі өндіретін 3 жасырын зертхананың қызметі бейтараптандырылды.

Арнайы операциялар барысында есірткі құрылымының 31 қатысушысы ұсталды. Заңсыз айналымнан 120,6 кг есірткі, оның ішінде 61,8 кг синтетикалық есірткі (206 мың «бір реттік дозаға» баламалы), 6 кг марихуана, 52,7 кг гашиш тәркіленді», деп атап өтті ҰҚК өкілдері.

Бұдан басқа, психотроптық заттарды дайындауға арналған 6000 экстази таблеткасы және 2 тоннадан астам химиялық реагенттер айналымнан шығарылды.

«Маусым айында алынған есірткінің жалпы сомасы «қара нарықта» 1,3 млрд теңгеден астам сомаға бағаланады. Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр», делінген хабарламада.