Елорда • 08 Шілде, 2022

Алтай Көлгінов елордадағы стадионға қатысты пара алу дерегі туралы айтты

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала әкімі Алтай Көлгінов елордалық стадионға қатысты пара алу дерегін тергеу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алтай Көлгінов елордадағы стадионға қатысты пара алу дерегі туралы айтты

«Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион туралы айтайын. 2020 жылы күрделі жөндеу жобасы бар еді. Құрылыс-монтаж жұмыстарына конкурс жариялап, мердігерді анықтадық. Мердігер жобаны жүзеге асыруға кіріскен бойда құрылым жүктемені көтере алмай, болашақта бұзылу қаупін тудыруы мүмкін екені анықталды», деді Көлгінов.

Әкім стадионға қатысты сараптама қорытындысы қабылданғанын айтты.

«Сарапшылар қорытынды жасады. Бірақ қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегі жағдайды ескере отырып, ақпаратты қайта тексереміз деп ойлаймын. Стадион оң жағалаудағы ауданға қажет, өйткені спортпен, футболмен әуестенетіндер саны артып келеді. Ол жерге жаңа нысан - сол стадионды салу керек», деп жауап берді әкім.

2021 жылғы қазанда Нұр-Сұлтандағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионды апатты деп таныған. Ғимарат пен көрермен мінбері қиратылып, орнына жаңа кешен салынады.

Еске салайық, бұған дейін Антикор Нұр-Сұлтандағы стадионға қатысты пара алу дерегін тергеп жатқаны белгілі болған еді.