Хоккей • 10 Шілде, 2022

Шайбалы хоккейден Президент кубогының ойын кестесі белгіленді

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден Президент кубогының ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шайбалы хоккейден Президент кубогының ойын кестесі белгіленді

Аталған турнир 16-19 тамыз аралығында елордада өтеді.

Биыл 12-ші мәрте жалауын көтеретін жарысқа қазақстандық «Барыстан» өзге Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Автомобилист» (Екатеринбург), «Металлург» (Магнитогорск) және Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командалары қатысады.

Командалар бір айналымнан тұратын турнир өткізеді. Оның қорытындысы бойынша кубок жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталады.

Ойындар кестесі төмендегіше:

16 тамыз (сейсенбі) 15:00 «Нефтехимик» - «Металлург»

19:30 «Барыс» - «Автомобилист»

17 тамыз (сәрсенбі) 15:00 «Автомобилист» - «Куньлунь Ред Стар»

19:30 «Барыс» - «Нефтехимик»

18 тамыз (бейсенбі) 15:00 «Автомобилист» - «Нефтехимик»

19:30 «Куньлунь Ред Стар» - «Металлург»

19 тамыз (жұма) 15:00 «Нефтехимик» - «Куньлунь Ред Стар»

19:30 «Металлург» - «Барыс»

20 тамыз (сенбі) 13:00 «Металлург» - «Автомобилист»

17:00 «Куньлунь Ред Стар» - «Барыс»

Аталған турнир Құрлықтық хоккей лигасы турниріне дайындық ретінде жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді.