Аймақтар • 09 Шілде, 2022

Шымкенттен елордаға бет алған ұшақ әуежайға қайта оралды

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент – Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақтан техникалық ақау шығып, әуежайға кері қайтуына тура келді, деп хабарлайды Egemen.kz Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкенттен елордаға бет алған ұшақ әуежайға қайта оралды

«9 шілде күні Шымкент – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ӘК А320-да КС 342 рейсінің биікке көтерілу кезінде техникалық себепке байланысты сол жақ қозғалтқыш ажыратылды. Экипаж тиісті рәсімдерді орындап, жағдайды бақылауға алды. Осылайша Шымкент әуежайына оралу жөнінде шешім қабылдады», делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай ұшақтың қайта қонуы ескертусіз орындалды. Сондай-ақ, ресми ақпаратта ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаментімен бірлесіп тергеу жүретіні айтылған.

Аталған рейс жолаушылары FlyArystan мен Air Astana-ның жақын арадағы тікелей рейстеріне отырғызылады.