Алматы қалалық мобильділік басқармасы бұл уақытта жолдың беткі қабатына асфальт төселетінін хабарлады.
Алатау даңғылынан Қадырбеков көшесіне дейінгі шығыс бағыттағы қозғалыс Абай даңғылының солтүстік жағындағы бір жолақ бойынша жүзеге асырылады.
«Бұл жұмыстар 2022 жылға арналған жұмыс жоспарында қарастырылған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», деді ведомство өкілдері.