Теннис • 09 Шілде, 2022

Елена Рыбакина жанкүйерлеріне алғысын жеткізді

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Уимблдон турнирінің чемпионы Елена Рыбакина барша жанкүйерлеріне алғысын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакина жанкүйерлеріне алғысын жеткізді

Қазақстандық теннисші «Үлкен дулыға» жарысының жеңімпазы атанған кезде айрықша сезімге бөленгенін жеткізді.

«Үлкен рахмет! Матчқа дейін де, оның барысы да маған оңайға тиген жоқ. Қарсыласыма тамаша бәсеке үшін алғысымды айтамын. Жанкүйерлерге рахмет. Олардың алдында ойнау мен үшін үлкен құрмет еді. Мен жарысты екі апта бойы жалғастырамын деп ойлағаным жоқ. Ал жеңімпаз болу тіпті ғажап! Өзімнің командама рахмет, ол болмаса, бұл жерде мен тұрмас едім. Мені қолдауға арнайы келген Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Жамитұлы Өтемұратовқа ризашылығымды білдіремін. Ата-анам үйден қолдады, бәріне рахмет!», деді  Е.Рыбакина.

Қазақстандық теннисші 2011 жылғы Уимблдоннан бері ең жас жеңімпаз атағына ие болды. 2011 жылы чехиялық Петра Квитова 21 жасында жеңіс тұғырына көтерілген еді.

Е.Рыбакина чемпион болу арқылы өзінің табыс қорын да молайтты. Ол Ұлыбритания ашық біріншілігі қорытындысында 4 млн 333 мың стерлинг (2,5 миллиардтай теңге) табыс тапты.