Оқиға • 10 Шілде, 2022

Шымкентте қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары ұсталды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшысының міндетін атқарып жүрген орынбасары қамауға алынды. Бұл ақпаратты ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары ұсталды

«2022 жылдың 9 шілдесінде Шымкентте өзінің қызметтік кабинетінде ҚАЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары парақорлық фактісі бойынша жүріп жатыр. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген ішкі істер министрлігі таратқан хабарламада.

Анықталғандай, оған қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау қаралып жатыр.

«Сыбайлас жемқорлық мәселесі ішкі істер министрлігінің күнделікті бақылауында. Осыған ұқсас фактілер туралы ҚР ІІМ өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарласуға болады», дейді ведомстводан.