Таным • 10 Шілде, 2022

Тақсай ханшайымы енді Түркістанда тұрады

1390 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2012 жылы архео­ло­гиялық қазба жұмысы кезінде Ба­тыс Қазақстан облысы аума­­ғынан «Алтын адам» б.з.д. ІV-VІ ғасырға тән ежел­­гі сармат кезеңіне жа­та­­тын бекзат әйелдің қа­бірі табылған болатын. Ға­лым­дар оны қазба табылған жер­дің атымен «Тақсай ханшайы­мы» атап кетті.

Тақсай ханшайымы енді Түркістанда тұрады

Аса бай алтын бұйымдармен көмкерілген сармат ханша­йы­мының салтанатты түр-тұл­ға­сын белгілі реставратор Қы­рым Алтынбеков қалпына кел­тіріп, елордадағы Ұлттық музей мен Орал облыстық тари­хи-өлкетану музейіне сыйға тартқан еді. Енді, міне, Тақсай ханшайымының тағы бір кө­шірмесі қасиетті Түркістан тө­рінен орын алды. Қазақстан Республикасы Премьер-Ми­нис­трінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Батыс Қазақстан облысы әкім­дігі Тақсай ханшайымының кө­шірмесін дайындап, Түркістан облыстық «Ұлы дала елі» орта­лығына сыйға тартты. Тамаша тарту Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану му­зейінің ұйым­дастыруымен өткен «Тарихы – терең Ақ­жайық, Тақсай ханшайымы» атты көрменің ашылуы ке­зінде жасалды.

Айта кетейік, Тақсай хан­шайымы – Қазақстанда та­был­ған 4 алтын адамның бірі. Қазақстанның Жалпыұлттық қасиетті нысанына айналған ерекше жәдігерді, Ақ Жайық өңіріндегі музей қоры туындыларын кеңінен насихаттау, рухани құндылықты жаңғыр­тып, Түркістан қаласының тұр­ғын­да­ры мен қонақтарына мәдени-руха­ни демалыс сый­лау мақсатында ұйымдастырыл­­ған іс-шараға түр­кістандықтар ерек­ше риза болды.

Батыс Қазақстан және Түр­кістан облысы музейлерінің ара­сындағы ынтымақтастықты арт­тыру, өзара байланысты нығайтуға ықпал ететін аталған көрменің салтанатты ашылуы­на Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов, Батыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейінің директоры Мирболат Ерсаев қатысып сөз сөйледі.

– Тақсай ханшайымы – Батыс Қазақстан өлкесінің бір жауһары еді. Бүгін киелі Түркістан облысына жаңа кө­шір­мені тапсырып отырмыз. Алтын ханшайымды көзімен көріп, тамашалау бақыты елі­мізде үш-ақ қала тұрғында­рына бұйырған. Болашақта қос облыстың музейлері ара­сындағы ынтымақтастық бұдан да арта беретініне сенемін. Жас ұрпақ­қа мақтан етерлік жақсы жәдігеріміз көбейе бергей, – дейді Сайран Темірғалиұлы.

 

Батыс Қазақстан облысы