Қоғам • 11 Шілде, 2022

22 мыңнан аса азамат skills.enbek.kz платформасында оқыды

157 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Былтыр шілде айында skills.enbek.kz онлайн кәсіптік оқыту платформасы іске қосылған сәттен бастап 22,2 мыңнан аса қазақстандық, оның ішінде 14,2 мың жұмыссыз азамат курстан өткені туралы сертификат алды. Платформада 35,9 мың адам тіркелді, оның 22,4 мыңы 2022 жылы тіркелген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

22 мыңнан аса азамат skills.enbek.kz платформасында оқыды

Оқудан өткен 14,2 мың жұмыссыз азаматтың 4,3 мыңға жуығы – негізінен Қызылорда, Батыс Қазақстан, Түркістан, Атырау және Ақтөбе облыстарынан келген жастар.

Авторлар іске қосылған сәттен бастап платформада әртүрлі бағыт бойынша 119 курс жариялады, оның 65-і – тегін. Курстардың ұзақтығы – 1-ден 72 сағатқа дейін. Ең көп сұранысқа ие курстар – «Персоналды басқару», «Сүтті ірі қара өсіру», «Кассир», «А-дан Я-ға дейін құлпынай өсіру» және «Ұннан жасалған кондитер өнімдері, жіктелуі және дайындалу технологиясы».

Платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арт­тыруға, мансаптық дамуды ын­таландыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Бұл мар­кетплейс қызметтер нары­ғы қағидаты бойынша онлайн курс­тарға қол жеткізуді ұсы­натын халықаралық оқыту алаң­дарына ұқсас құрылған. Оқуға тікелей https://skills.enbek.kz/ сіл­темесі арқылы немесе Элек­т­ронды еңбек биржасында (enbek.kz) «Онлайн оқыту» бөлі­мін таңдау арқылы өтуге болады. Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқыны мен тілді, материалды берудің ыңғайлы қағидатын өз бетінше таңдайды, білім беру процесіндегі өзінің прогресін бақылай алады.

Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруға тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – студент тарапынан курсты бағалау. Бұл сертификат Электронды еңбек биржасында (enbek.kz) тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші skills.enbek.kz-те табысты оқудан кейін алынған сертификаттарды көреді.

Бұл ретте 2022 жылдың 9 наурызынан бастап платформада қолданыстағы функционал оңтайландырылып, жаңа сервис­тер іске қосылғанын айта кеткен жөн. Атап айтқанда, курстарды іздеу жетілдірілді, сабақтардың түсінікті құрылымы жасалды, оқу процесін бақылау және курс авторларымен жылдам өзара әрекеттесу мүмкіндігі пайда болды.

Курс авторлары үшін ың­ғайлы сабақ құрастыру тетігі, жарияланған курстардың статис­тикасы мен тиімділігін қарау, сертификаттардың әртүрлі дизайны қарастырылған, сонымен қатар оқу құнын алдын-ала есептеуге арналған онлайн-калькулятор бар.

Авторлар мен әзірлеушілерге арналған платформада онлайн курстарды орналастыру тегін. Курстар мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылуы мүмкін, ақпарат берудің әртүрлі форматтары: мәтін, презентация, бейне және аудио материалдар, инфографика және басқа түрлері болуға тиіс. Ұсынылатын онлайн курстардың ұзақтығы – 6-дан 144 сағатқа дейін. Платформа ерекше қажеттіліктері бар студенттер үшін интерфейсті бейімдеу мүмкіндігін ұсынады.