Қоғам • 11 Шілде, 2022

Алматы тауларында адасқан отбасы құтқарылды

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құтқарушылар Алматы тауларында адасқан туристерге көмектесті. Үш адамнан тұратын отбасы серуенге шығып, адасып қалған, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Алматы тауларында адасқан отбасы құтқарылды

ҚР ТЖМ «Республикалық жедел-құтқару жасағы» ММ қызметкерлері ер адам мен әйел адамға және 13 жастағы жасөспірімге көмек көрсеткен.

«9 шілдеде олар ескі жапон жолымен Алмарасан шатқалында серуендеуге баруды ұйғарған. Бірақ бағдарын жоғалтып, кешке дейін адасып жүрген. Алты құтқарушы адасқандарды іздеуге шығып, сағат 21:00 шамасында аға құтқарушыға геолокация жіберілді. Бір сағат ішінде құтқарушылар адасқандарды тауып алып, түсуге көмектесті», деді ҚР ТЖМ «Республикалық жедел-құтқару жасағы» ММ баспасөз қызметі.