Футбол • 11 Шілде, 2022

«Түркістан Арена» халықаралық УЕФА категориясын алды

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Түркістан Аренада» жүргізілген инспекция қорытындысы бойынша УЕФА  стадионға халықаралық II дәреже беру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан Футбол Федерациясына сілтеме жасап.

«Түркістан Арена» халықаралық УЕФА категориясын алды

Түркістан стадионы келесі матчтарды қабылдай алады:

– УЕФА Чемпиондар лигасы, УЕФА Еуропа лигасы және УЕФА Конференция лигасының 1, 2, 3 іріктеу кезеңдерінің ойындары;

– Жастар құрамалары (U-21) арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері;

– 17 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері;

– Әйелдер құрамалары арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері.

 

Соңғы жаңалықтар