Теннис • 11 Шілде, 2022

Елена Рыбакина федерация сыйақысынан бас тартты

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина турнирдегі жеңісі үшін берілетін Қазақстан теннис федерациясының сыйақысын алудан бас тартты, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы федерация вице-президенті Юрий Польский айтты.

Елена Рыбакина федерация сыйақысынан бас тартты

Айтуынша, федерация теннисшіні қаржылай қолдағысы келген. Алайда, ол бұдан бас тартып, қаржыны қайырымдылыққа және Қазақстанның жас теннисшілерін қолдауға жұмсағысы келетінін айтты.

«Федерацияға қазірдің өзінде өз балаларын тенниске бергісі келетін ата-аналардан өтініш көптеп түсіп жатыр. Елде үлкен серпіліс пайда болды. Бұл теннистің жаңа қарқынмен дамуына жол ашпақ», деді Ю. Польский.