Спорт • 11 Шілде, 2022

Елена Рыбакина «Достық» орденімен марапатталды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елена Андреевна Рыбакина ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елена Рыбакина «Достық» орденімен марапатталды

«Мемлекет басшысының Жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК спортшы-нұсқаушысы Елена Андреевна Рыбакина ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды», делінген хабарламада.