Экономика • 11 Шілде, 2022

Ұжымдық шартқа қол қойылды

280 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Алтыналмас» алтын өндіру компаниясы өз қызметкерлерімен ұжымдық шартқа қол қойды. Ал бұған дейін жұмысшыларға берілетін әлеуметтік кепілдіктер ішкі ережелермен реттеліп келген. Аталған бетбұрысты күн сайын ауқымы артып келе жатқан алып кәсіпорынның әлеуметтік серіктестіктегі маңызды қадамы деуге болады.

Ұжымдық шартқа қол қойылды

Маңызды құжатқа жұмыс беруші тарап пен  «Алтыналмас АК» АҚ жұ­мыскерлерінен сайланған өкілдік органы, «Кәсіпқорған» тау-кен металлургия кәсіпорындары және сабақтас салалар қызметкерлерінің өнеркәсіптік кәсіподағы, «Қазпрофметалл» салалық тау-кен металлургия кәсіподағы атынан жұмыскерлердің өкілдері қол қойды.

Ұжымдық шарт компания қыз­мет­керлерінің әлеуметтік кепілдіктерін жақсартуға бағытталған. Шартта қо­сым­ша және әлеуметтік демалыстар, өте­мақылар мен ынталандыру төлем­дері, салалық наградалармен мара­пат­талғандарға сыйақы беру мүмкіндігі қа­рас­тырылған. Сонымен бірге әлеу­мет­­тік төлемдер, санитарлық-курорт­тық емделу мүмкіндігі секілді еңбек­кер­лерге тиімді жағдайлар көзделіп отыр.

– Біздің компания айтарлықтай өсіп, ұжымдық шартқа қол қою арқылы әлеуметтік серіктестік орнатуда маңызды табысқа қол жеткізді. Құ­жат әзірлеу жұмысы ұзақ уақыт зерде­леніп, тараптардың пікірлері еске­рілді, басқа компаниялардың әлеу­меттік жеңілдіктер саласындағы үздік тәжірибелері зерттелді. Әлеуметтік жеңілдіктердің 80 пайызы жұмыс беру­шінің ішкі актісіне сәйкес «Алтын­алмас» қызметкерлеріне бұрыннан беріліп келген. Мен ұжымдық шарт аясындағы әлеуметтік кепілдіктердің жақсаруы еңбек қатынастарын ны­ғайтуға оң ықпалын тигізетініне және өзара тиімді ынтымақтастықты ынталандыратынына сенімдімін, – дейді компанияның персоналды басқару жөніндегі бас атқарушы директоры әрі Басқарма мүшесі Мақпал Нүсіпова.

«Алтыналмас» ұжымдық шарты –  саладағы үздік бастамалардың  бірі. Кәсіподақ өкілдері құжатқа осындай жо­ғары баға беріп отыр. Себебі онда әлеу­меттік серіктестікті дамыту мен жұ­мыс­шылар мүддесін қорғауды көздей­тін маңызды жайттар мұқият ескерілген.

«Кәсіпқорған» кәсіподағының филиалы – сервистік өндіріс кешенінің төрағасы Жібек Омарова: «Ұжымдық шарт тармақтарын талқылау кезінде көптеген мәселе бойынша қызу пікір­талас өрбіді. Біз үшін ымыраға келу және барлық тараптың мүдделерін ескеру аса маңызды. Қабылданған ұжымдық шарт – уақыт пен заңнама талаптарына сай негізделген оң бастама», деп атап өтті.

Жұмыс ұжымдарындағы сабақ­тас­тық, әлеуметтік жауапкершілік, инклюзивтілік – «Алтыналмас» компаниясы басшылыққа алатын ESG күн тәртібінің маңызды қағидаттары.

Ұжымдық шартта ерекше атап өтуге лайық маңызды аспектілердің тағы бірі – саладағы әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша жұмыс беруші мен кәсіподақтардың бірлескен күш-жігерін арттыру көзделгендігі.