Қоғам • 12 Шілде, 2022

Абай облысында 9 млн теңгенің мүлкін ұрлаған күдікті ұсталды

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысының Бесқарағай ауданында шаруа қожалығынан 9 млн теңгенің мүлкін тонаған ер адам ұсталып, жазаға тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында 9 млн теңгенің мүлкін ұрлаған күдікті ұсталды

Облыстық Полиция департаменті хабарлағандай, Бесқарағай ауданында жергілікті шаруа қожалығының 64 жастағы иесі полиция қызметкерлеріне жүгінген. Ол өз сөзінде бетон бұйымдарының ұрланғанын жеткізді.

«Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер 10-25 маусым аралығында Ерназар ауылының маңындағы қожалық аумағынан 16 бетон фундаментін, 6 тіректі және бетоннан жасалған 7 арқалықты ұрлап кеткен. Осының салдарынан келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 9 300 000 теңгені құрады», делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 49 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.