Әлем • 12 Шілде, 2022

Пәкістанда су тасқынынан 147 адам қайтыс болды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пәкістанның Карачи қаласында ірі су тасқыны орын алды. Апат салдарынан 147 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Пәкістанда су тасқынынан 147 адам қайтыс болды

Пәкістанда жаңбырлы маусым шілде айының ортасына дейін жалғасады деп күтілуде.

Синоптиктердің болжамынша биылғы жауын-шашын мөлшері екі есе көп болады.

Қазіргі уақытта Пәкістанның Карачи қаласындағы жағдай өте күрделі. Қаланың аудандары, тұрғын үйлер мен көліктер су астына кеткен.