Қоғам • 12 Шілде, 2022

126 млн теңге ұрлаған коммуналдық кәсіпорын директоры ұсталды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы мониторингі агенттігінің тергеуі нәтижесінде Атырау облысының «Жылыойсу» МКК директоры 2019 жылдан 2021 жылға дейін Құлсары қаласының тұрғындарына сумен жабдықтау және кәріз қызметінің шаруашылық қызметтеріне монополиялық жоғары баға белгілегені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

126 млн теңге ұрлаған коммуналдық кәсіпорын директоры ұсталды

«Осылайша, ол аса ірі көлемде ұрлық жасап, 126 млн теңгеден астам шығын келтірген. Тергеу барысында келтірілген зиянның мөлшері мемлекетке толығымен қайтарылды», делінген ведомство ақпаратында.

Ведомствода кәсіпорын басшысы кінәлі деп танылғаны айтылды.

Оған материалдық жауапкершілікке байланысты мемлекеттік мекемелерде басшы қызметімен өмір бойы айналысуға тыйым салынып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.