29 Сәуір, 2014

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы № 5-3/512,

277 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

2013 жылғы 21 қазандағы Қазақстан Республикасының  Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  № 5-3/512  Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігінің бұйрығы

2013 жылғы 31 қазандағы № 288/нқ Астана қаласы

Биоотын өндірісі саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 13) тармақшасын және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында бұйырамыз: 1. Қоса беріліп отырған Биоотын өндірісі саласындағы жеке кәсіпкерлер саласында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен соң ресми жариялануын; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. «Биоотын өндірісі саласындағы тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 11-2/52 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 4 ақпандағы № 27 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6791 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2011 жылғы 15 маусымдағы № 3 жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. МАМЫТБЕКОВ. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі Б. САҒЫНТАЕВ. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 5-3/512 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші Орынбасары – Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 288/НҚ бірлескен бұйрығымен бекітілген Биоотын өндірісі саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері 1. Осы биоотын өндірісі саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) биоотын өндірісі саласындағы тексерілетін субъектілерді тәуекелдер дәрежелеріне жатқызу мақсатында «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 6-бабы 13) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді. 2. Осы критерийлерде мынадай ұғымдар қолданылады: 1) биоотын өндірісі саласындағы тәуекел – биоотын өндірісін жүзеге асыру кезінде оның салдарының ауырлығын ескере отырып, адам және жануарлар денсаулығына, қоршаған ортаға статистикалы растық шекараларда зиян келтiру ықтималдығы; 2) тексерілетін субъектілер – биоотын өндірісі саласында қызметтерін жүзеге асыратын заңды тұлғалар. 3. Тексерілетін субъектілерді тәуекелдер дәрежелеріне жатқызу объективті критерийлер – бастапқы бөлу кезінде және субъективті критерийлер негізінде – келесі бөлу кезінде жүзеге асырылады. 4. Биоотын өндірісін жүзеге асыратын тексерілетін субъектілер бастапқы бөлу кезінде жоғарғы тәуекел дәрежесі тобына жатады. 5. Тексерілетін субъектілерді кейінгі бөлуі мына баллдарды бере отырып, бар кемшіліктер есебімен жүзеге асырылады: елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда кейіннен биоотынға қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына арналған квоталардың нормаларын арттыру – 10 балл; биоотын өндірісі кезінде 1 және 2 сыныпты бидайды тамақ шикізаты ретінде пайдалану - 10 балл; биоотын өндірісі бойынша бір зауытта екі немесе одан да көп биоотын өндірушілердің биоотын өндірісін жүзеге асыруы – 10 балл; өндіріс паспортының болмауы - 10 балл; биоотын өндірісі көлемін есептеудің бақылау аспаптарының болмауы немесе ақаулығы – 10 балл; генетикалық түрлендірілген көз (объект) болып табылатын немесе құрамында генетикалық түрледірілген көздер (объектілер) бар шикізатты олардың қауіпсіздігін ғылыми негізделген растаусыз және оларды мемлекеттік тіркеуден өткізбей қайта өңдеуге қабылдау – 10 балл. 6. Өткізілген тексерістер қорытындылары бойынша жиналған баллдарға байланысты тексерілетін субъектілер тәуекелдер дәрежелері бойынша мынадай түрлерге бөлінеді: 50-тан 60 баллға дейін – жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатады; 30-дан 40 баллға дейін – орташа тәуекел дәрежесіне жатады; 10-нан 20 баллға дейін – аз ғана тәуекел дәрежесіне жатады. Факторлар тең болғандықтан, баллдарды есептеу үшін ашық 10 – балдық шкала қолданылады. 7. Тәуекелдің бір деңгейіндегі тексерілетін субъектілерге тексеру жүргізуді жоспарлаудың басымдылығын анықтау үшін мыналар негіз болып табылады: өндірістік қуаты ең көп көлемді субъектілер; алдыңғы тексеріс процесінде бұзушылықтар айқындалған субъектілер. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы 2013 жылғы 21 қазандағы № 5-3/513 Астана қаласы Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігінің бұйрығы 2013 жылғы 31 қазандағы № 285/нқ Астана қаласы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ Биоотын өндірісі саласынщдағы жеке кәсіпкерлік саласында тексеру парағының нысанын бекіту туралы «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 13) тармақшасын және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында бұйырамыз: 1. Қоса беріліп отырған Биоотын өндірісі саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тексеру парағының нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен соң ресми жариялануын; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. «Биоотын өндірісі саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 776 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 255 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6729 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде, 2011 жылғы 31 наурыздағы № 116-119 (26521), Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2011 жылғы 10 наурыздағы № 2 жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. МАМЫТБЕКОВ. Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрінің Бірінші орыньасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі Б. САҒЫНТАЕВ. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 5-3/513 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 285/нқ бірлескен бұйрығымен бекітілген Биоотын өндірісі саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тексеру парағы Органның атауы _________________________________________________ ________________________________________________________________ Тексеруді тағайындау туралы акт ___________________________________ (№, күні) Субъектінің атауы _______________________________________________ ________________________________________________________________ БСН____________________________________________________________ Субъектінің орналасқан мекен-жайы _______________________________ ________________________________________________________________ № Талаптардың тізбесі Қойылатын талаптарға сәйкестігі Қойылатын талаптарға сәйкес еместігі 1 Биоотынға кейіннен қайта өңдеу үшін қолданатын тамақ шикізатына арналған квота нормаларын сақтау 2 Биоотын өндірісі кезінде қолданатын тамақ шикізаты (бидай сыныбы) 3 Биоотын өндірісі бойынша сол бір зауытта биоотын өндірушілердің санының сәйкестігі 4 Биоотын өндірісі паспортының болуы 5 Есепке алатын бақылау аспаптарының болуы (олардың ақаусыздығы) 6 Шикізаттың генетикалық түрлендірілген көзі (объектісі) болып табылмайтындығын немесе генетикалық түрлендірілген көздерді (объектілерді) қамтымайтындығын растайтын, олардың қауіпсіздігін ғылыми негізде расталған және мемлекеттік тіркеуден өткен тамақ шикізатына арналған құжаттардың болуы – қойылатын талаптарға сәйкестігі жағдайында «+» белгісі қойылады; – қойылатын талаптарға сәйкес еместігі жағдайында «–» белгісі қойылады Тексеруді жүргізді ____________ ______________________ ___________ (лауазымы) (аты-жөн) (қолы) М.О. Талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда жасалған нұсқаманың нөмірі мен күні көрсетіледi (20 ____ жылғы «____» ___________ (№ _____) Тексерудің қорытындысымен таныстым (келісемін/келіспеймін) ____________________________ _____________ (аты-жөні) (қолы) «___» _______________ 20____ жыл Тексерілген объект ______________________________________________ (объектінің атауы) _______________________________________ тексеру қорытындысы бойынша келесі объектілер санатына ауыстырылады («+» белгісімен белгілеп қою): жоғарғы дәрежедегі тәуекел орта дәрежедегі тәуекел аз дәрежедегі тәуекел - - - Органның лауазымды тұлғалары: _____________________ ____________ ________________________________ (лауазымы) (қолы) (аты-жөні) _____________________ ____________ ________________________________ (лауазымы) (қолы) (аты-жөні) Органның басшысы: ___________________________________________________ _______________ (аты-жөні, лауазымы) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 9 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8941 болып енгізілді.