Қаржы • 12 Шілде, 2022

Инфляция 13-15% деңгейінде қалыптасады – Ғалымжан Пірматов

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов базалық мөшерлеме неге өзгеріссіз қалғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Инфляция 13-15% деңгейінде қалыптасады – Ғалымжан Пірматов

«Бұл шешім осы жылдың мамыр-маусым айларында жүргізілген болжамдық раундтың қорытындысы негізінде қабылданды. Біз инфляция өсіп, жыл соңына қарай 13-15% деңгейінде қалыптасады деп болжап отырмыз.

2022 жылғы наурыздан бастап геосаяси жағдайдың шиеленісуі және Қазақстанның қаржы нарығына қысымның айтарлықтай күшеюінің аясында Қазақстанда инфляция үдей түскенін ескерген жөн. Ресей Федерациясына қарсы санкцияларға байланысты жаһандық жеткізілім тізбегіндегі проблемалардың шиеленісуі әлемдегі өндіріс құнының қымбаттауына алып келді. Шешім қабылдағанда біз осы факторлардың барлығын ескереміз», деді ол Ұлттық банк сайтында жарияланған сұхбатта.

Оның айтуынша, базалық мөлшерлеменің сақталуы инфляцияны бәсеңдетуге септігін тигізбек.

«Орта мерзімді кезеңде инфляцияны бәсеңдету мақсатымен инфляциямен күрестің және экономиканың өсуі арасындағы теңгерімді ескере отырып, біз базалық мөлшерлемені 14% деңгейінде сақтап қалдық.

Базалық мөлшерлеменің жоғары болуы контрциклдік бюджет саясатымен және сыртқы инфляциялық қысымның әлсіреуімен бірге 2023 жылы инфляцияның 7,5-9,5%-ға дейін баяулауына ықпал етеді», деді Ұлттық банк төрағасы.