Білім • 12 Шілде, 2022

Биыл колледждерге 128 мыңнан астам талапкер қабылданады

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл колледждерге 128 мыңнан астам талапкер мемлекеттік тапсырыспен қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова айтты.

Биыл колледждерге 128 мыңнан астам талапкер қабылданады

«Биыл колледждерге мемлекеттік тапсырыс орналастыру талабы күшейтілді. Бүгінде 770 колледждің 647-сі мемлекеттік тапсырыс орналастыруға мүмкіндік алды. Колледждерге биыл 213 мамандық бойынша 128 мыңнан астам талапкер мемлекеттік тапсырыспен қабылданады деп күтіледі. Жалпы, мемлекеттік тапсырыс көлемі 50 мың орынға ұлғайтылды. Оның 45 мыңы республикалық бюджет есебінен өтеледі. Соның ішінде 20 мыңы кәсіпорындардың ұсынысы бойынша мақсатты мемлекеттік тапсырысқа беріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл техникалық мамандықтарға грант көлемі 27 мың орынға ұлғайтылып, 70 мың орынды құрайды», деді департамент директоры министрліктің аппарат жиналысында.

Оның атап өтуінше, оқуға құжаттарды қабылдау маусымның 25-інен басталды. Жалпы, биыл 160 мыңнан астам талапкер колледждерге құжат тапсырады деген болжам бар.

«Талапкер 4 амандық, 4 колледж таңдауға мүмкіндігі бар. Мамандықтарды таңдау үшін кәсіби диагностикадан өтуге мүмкіншілік қарастырылған. Оқуға түсу емтихандары алынып тасталды. Жалпы, оқуға түсу орташа конкурстық баллмен өткізіледі», деді Насымжан Оспанова.

 

Соңғы жаңалықтар

Өнеркәсіп қуатын арттыру міндеті

Экономика • Бүгін, 09:45

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Бүгін, 09:18

Көмірдің жылдағы жыры

Мәселе • Бүгін, 09:10

Халық тілегі қалыс қалмайды

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Бүгін, 08:52

Алаяқтарға қарсы күрес күшейді

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Мал ұрлығы мазаны алып тұр

Қылмыс • Бүгін, 08:45

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Бүгін, 08:43