Экология • 12 Шілде, 2022

Каспий жағалауын мониторингілеу жұмыстары күшейтілді

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Каспий итбалығының ұшалары бойынша әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Каспий жағалауын мониторингілеу жұмыстары күшейтілді

«2022 жылғы 11 шілдеде Каспий итбалығы Ақтау қаласындағы жағажай жағалауына шықты. Жануар күн сәулесінде шамамен 40 минут жылынып, содан кейін суға оралып, жүзіп кетті. Бұл ретте, жануардың саулығын және қандай да бір жарақат алмағаны туралы айтуға болады. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына Каспий теңізінің жағалау белдеуіне мониторингті күшейту тапсырылды. 2020 жылдан бастап Каспий итбалығы сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізбесіне енгізілгенін еске сала кетейік», делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз айналысқаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгені және құқықбұзушы мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға дейінгі мерзімге айырылады.

Заң бұзған адамға 3000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салынып, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға жегіледі, не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеліп, не сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 316-бабымен жануардың мертігуіне әкеп соққан қатыгездігі үшін жауапкершілік көзделген», деп қосты ведомствоның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35