Теннис • 12 Шілде, 2022

Уимблдон чемпионын күтіп алды

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен «Үлкен дулыға» санатындағы ең маңызды төрт турнирдің бірі – «Уимблдонда» жеңіске жеткен қазақстандық теннисші Елена Рыбакина дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні елге оралды. Еліміздің әйелдер арасындағы бірінші ракеткасын елорда әуежайынан спортшының туыстары, достары, шенеуніктер, БАҚ өкілдері және жанкүйерлері күтіп алды.

Уимблдон чемпионын күтіп алды

Әлемдік теннис турнирінің жеңімпазын Нұр-Сұлтан қаласы­ның халықаралық әуежайы­нан Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан  Бекмурзаев және әлемдік ареналарда ел намысын қорғап жүрген чемпиондар да құрмет-қошеметпен қарсы алды.

Ал сейсенбі күні қазақстандық теннисші Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен елорда әкімі Алтай Көлгіновтің қабыл­дауын­да болды. Түстен кейін Елена Рыбакина қазақстандық БАҚ өкілдерімен кездесіп, жур­на­лис­терді қызықтырған сұрақ­тарға жауап берді. Баспасөз мәсли­хатында Елена «Уимблдон» жарысы­на қалай дайындалғаны тура­лы айтып, жеңісінен кейінгі әсерін ортаға салды. Сондай-ақ ол жиын барысында қазақстандық жан­күйерлердің ерекше қолдауына ризашылығын білдіріп, журналис­терге Қазақстанның азаматша­сы еке­­нін дәлелдейтін жеке куәлігімен паспортын да көрсетті. Бас­па­сөз жиынында айтылған бұдан да бас­қа сұрақ-жауапты газетіміздің келесі санында толық жариялаймыз.  

Журналистермен кездесуден кейін Е.Рыбакина Ұлттық теннис орталығындағы кортта еліміздің жас теннисшілерімен кездесіп, оларға арнайы шеберлік-сабағын өткізді. Содан кейін елордалық теннис жанкүйерлерімен де жүздесіп, естелікке суретке түсіп, қолтаңба берді.