Аймақтар • 13 Шілде, 2022

Таразда мұражай директорының пара алғаны анықталды

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз мұражай-қорығының басшысы экскурсия жетекшісін жұмысқа орналастыру үшін пара алғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таразда мұражай директорының пара алғаны анықталды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ернар Мақажанов өңірде жұмысқа қабылдау кезінде парақорлық фактілері жиі анықталатынын атап өтті.

Тараз қаласының №2 сотының үкімімен «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Нұрлан Бықыбаев, директордың орынбасары Ғалия Әлімжанова және бөлімнің бұрынғы басшысы Жамал Ақпан пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Олардың әрқайсысына өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 6 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

«Бықыбаев өзінің серіктестерімен қарапайым экскурсовод қызметіне жұмысқа орналасу үшін 200 мың теңге сұраған», деді Ернар Мақажанов.