Әлем • 13 Шілде, 2022

Хорватия Еуроодаққа қосылды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропалық одақ Кеңесі Хорватияның бірыңғай еуропалық валютаға көшуін мақұлдады. Келесі жылдың басында бұл ел еуроаймаққа ресми түрде 20-шы мүше болып кіреді, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews сайтына сілтеме жасап.

Хорватия Еуроодаққа қосылды

Бұл инфляция өсіп, қымбатшылық орнап жатқан одақ үшін тым қолайсыз уақытта орын алды. Хорватияда жергілікті кунадан Еуроға қайта есептеу кезінде бағаның дөңгелектенуі нәтижесінде қымбатшылық орнауы мүмкін. Алайда, қос тарап бұл тек уақытша қиындықтар екеніне сенімді,

«Бұл - Еуропалық одақ пен Еуропалық валюталық одақ үшін айтулы күн. Еліміздің Еуроаймаққа 20-шы мүше болуы да алдымызда тұрған барлық проблемаларға қарамастан, еуроинтеграцияның жалғасуының айқын белгісі», деді Хорватияның қаржы министрі Здравко Марич.

1 қаңтарда Хорватия өкілі Еуропа орталық банкі Басқарушылар кеңесінің толыққанды мүшесі атанады.